Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Barclays: 2015 жылы мыстың бағасы өседі

Barclays: 2015 жылы мыстың бағасы өседі

Жеткізілімдердің сақталып жатқан шектелуінің және АҚШ, Еуропа және Жапония экономикаларының қалпын келуінің арқасындағы жақсы ұсыныстың аясында осы жылы мыс бағасы өседі деп болжайды Barclays Plc.

Британдық банк аналитиктерінің бағалауынша, 2015 жылы мыс орташа есеппен тоннасына $6313 тұратын болады, бұл ретте бағамардың елеулі өсімі екінші тоқсанда байқалады. 2016 жылы мыстың орташа бағасы тоннасына $6250 болады.

"Мыс бағасы соңғы жарты жыл ішінде 9%-ға төмендеді, бұл 2015 жылы мыс мұнайдың немесе темір кенінің кебін кие ме деген сауалды тудырды. Біз бұл сұрақтың жауабы - жоқ екеніне сенімдіміз", - делінген Barclays пресс-релизінде.

Мұның себебі ретінде сарапшылар дүниежүзілік нарықтағы мыс ұсынысының шектеулі екендігін алға тартады, бұл ретте өндірушілер өндірісті жеткілікті дәрежеде арттыра алмай отыр.

"Қытай экономикасының өсім қарқындарының баяулау қаупі мысқа қатысты жағымсыз болжамдардың негізгі сылтауы болып отыр. Біз мұндай болжамдар асыра сілтеушілік екеніне сенімдіміз. ҚХР-дағы экономикалық өсім бұрынғыша күшті болады - 2015 жылы 6,8%", - делінеді банк есебінде.

LME-де мыстың орташа бағасы биылғы жылдың ақпан айында тоннасына $5702,08 дейін төмендеді, үш ай бұрын бұл көрсеткіш тоннасына $5815,83 болған-тын. Ағымдағы жылдың басынан бері металдың орташа құны - тоннасына $5760,34, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға төмен (тоннасына $6862).

Похожие материалы