Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Barclays сарапшылары биткоинды тұмау ауруына теңеді

Barclays сарапшылары биткоинды тұмау ауруына теңеді
Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - Әлемдегі ең ірі қаржы ұйымдарының бірі Barclays-тың сарапшылары биткоинды тұмау ауруының таруына теңеді деп жазады Bloomberg. "2017 жылдың екінші жартысындағы биткоинның күрт қымбаттап кетуі тұмау ауруының таралуы сияқты болды. Ал қазір битконды сатып алушылардың "иммунитеті" пайда болды. Себебі, енді барлығы маусым аралық тұмаудың өткінші екенін біледі. Биткоинға ақша салатындар үшке бөлінеді: сезімталдар, ауру жұқтырғандар және иммунитеті бар. Биткоин туралы ақпарат тұмау сияқты алдымен әртүрлі топтар арасында пайда болады. Яғни, сезімталдар арасында. Сосын ол ауру басқаларға жұға бастаған кезде тұмауға иммунитеті бар адамдар пайда бола бастайды. Биткоин да қазір дәл сондай жағдайда. Биткоинды сататындардың саны артты бірақ сатып алушылар қатары азайды. Бұл өз кезегінде биткоинның арзандап кетуіне себеп болды",-дейді қаржы ұйымының сарапшылары.  

Похожие материалы