Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бәрі бітті. Google Play «Сбердің» мобильді қосымшаларын өшіріп тастады

Бәрі бітті. Google Play «Сбердің» мобильді қосымшаларын өшіріп тастады

Бүгін App Store-дің артынан Google Play де Сбербанктің мобильді қосымшаларын өшіріп тастады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған байланысты Сбербанк хабарлама таратып, қосымшаларды жүктеу мүмкін еместігін, бұрын жүктелгендерді қолдана беруге болатынын, оны өшіріп алмауды сұрады.

Сонымен қатар банктің ресми сайтында Android-қа арналған қосымшаны жүктеп алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ түрлі қызметтерді қосымшаның веб-нұсқасында пайдалануға болады.

Мұның Қазақстандық Сбербанкке әсері қаншалықты екені білгісіз. Ол туралы банктің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында ақпарат жоқ. Фейсбук әлеуметтік желісінде Атырау қаласы туралы жазба жарияланған. Сонымен қатар бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «СберБанк» АҚ ЕБ АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы арнайы лицензия негізінде Қазақстандағы Сбербанкке қарсы санкциялар үш айға кейінге шегерілгенін хабарлады. Осы кезең ішінде банк штаттық режимде жұмыс істей береді. Банк клиенттері теңгемен және рубльмен төлемдер мен аударым операцияларын шектеусіз жүргізе алады.

Айта кетейік кеше Apple App Store-дағы «Сбердің» мобильді қосымшаларын өшіріп тастады. Олардың қатарында «Сбербанк Онлайн», «СберБизнес», «СберИнвестор X», «Сбербанк Инвестор», «Сбербанк Инкассация», «СберKids», «СберСпасибо» мен «Акционер Сбера» бар. OS жүйесінде бұларды жүктеу және жаңарту мүмкін емес. Бұған дейін жүктеп алғандар, жаңартусыз қолдана алады. Сонымен қатар «Сбердің» веб нұсқасын қолдана берсе болады.

Сарапшылар бұл «концерттің» соңы дейді. Өйткені Сбердің экожүйесінің негізі - осы мобильді қосымшалардан құралады.

Ресей аумағында Сбербанктен үлкен қаржы ұйымы жоқ. Оның қызметін 100 миллионнан астам адам пайдаланады. Жақында банк басқа компаниялармен қатар АҚШ-тың санкциясына ілікті. Оған Ұлыбритания мен Жапония қосылды.

Похожие материалы