Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бас банк дамушы елдер валютасының нарықтық бағамын ұсынды

Бас банк дамушы елдер валютасының нарықтық бағамын ұсынды

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz – Ұлттық банк 26 қазаннан 2 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 2 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,8%-ға әлсіреп (368,54-тен), 371,31 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 26 қазаннан 2 қараша аралығында маңызды оқиғалар Англия Банкінің ағымдағы ақша-кредиттік саясатты сақтау туралы шешімдері, ФРЖ мен Англия Банкінің монетарлық саясат және экономикалық тұрақтылыққа қатысты түсініктемелері, кейбір компаниялардың маусымдық есептерін жариялауымен байланысты қор нарықтарының құбылмалығы және Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық мәселелер бойынша келісімдерге ықтимал қол жеткізу туралы түсініктемелері және АҚШ халқының жұмыспен қамтылуы туралы экономикалық деректердің жариялануы болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда біршама құбылмалығына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Мексика песосы құны 13 млрд. АҚШ долл. болатын жаңа әуежай құрылысына адамдардың 70%-нан астамы қарсы дауыс берген референдумның нәтижелерінің аясында 3,4%-ға (19,36-дан 20,01-ғе дейін) әлсіреуін жалғастырды. Одан басқа, Fitch агенттігі елдің тәуелсіз рейтингін жоспарланған реформалардың, атап айтқанда энергетика секторында іске асыру мүмкін еместігіне сілтеме жасай отырып, «тұрақтыдан» «жағымсызға» қайта қарауды жүзеге асырды;

Бразилия реалы 1,9%-ға (3,64-тен 3,74-ке дейін) әлсіреді. Валюта нарығында Бразилия президентіне сайлаудың қорытындылары бойынша айтарлықтай нығайғаннан кейін валютаны түзетулер байқалды;

Ресей рублі АҚШ үкіметінің Ресейге қарсы санкцияларының кезекті тобын енгізу мерзімі жақындауы аясында 0,9%-ға (65,60-тан 66,18-ге дейін) әлсіреді. Инвесторлар бұрынғыдай Ресейдің мемлекеттік борышымен операцияларға жаңа санкциялар енгізу қауіпі алаңдатады. Бұл ретте, Moody’s кредиттік агенттігінің талдаушысы Кристин Линдоу қаражатты қарызға алуға төмен қажеттілік Ресейдің позициясын тұрақты етеді. Мысалы, агенттіктің түсініктемелерін ескере отырып, сарапшылар Ресейге қарсы санкцияларға қарамастан, елдің тәуелсіз рейтингінің көтерілуін күтеді;

Үндістан рупиясы Үндістанның Қаржы министрі А.Джетлидің Орталық банктің шешімдер қабылдаған кезде үкіметтен тәуелсіздігі туралы мәлімдемесінің аясында 0,4%-ға (73,47- ден 72,44-ке дейін) нығайды;

Индонезия рупиясы ұлттық валютаны одан әрі әлсіреуден қорғау, сондай-ақ фискалдық тапшылықты қысқарту туралы заң жобасын мақұлдау аясында реттеушінің жаңа құрал – жеткізілімсіз форвардтық келісімшартты (NDF) енгізу аясында 1,7%-ға (15 217-ден 14 955-ке дейін) нығайды;

Оңтүстік Африка рэнді Орталық банк өкілдерінің келесі екі жыл ішінде инфляцияның өсуін тежеу үшін қатаң монетарлық саясат жүргізуді жалғастыру туралы мәлімдеуінің аясында 2,1%-ға (14,60-тан 14,3-ға дейін) нығайды;

Түрік лирасы экономиканы валюталық күйзелістерден кейін қалпына келтіруге бағытталған салықтық жеңілдіктер топтамасын енгізу туралы мәлімдемесіне қарамастан, 2,9%-ға (5, 59-дан 5,43-ке дейін) нығайды. Талдаушылардың қауіпіне байланысты салықтардың төмендеуі инфляцияның өсуіне қосымша күш болуы мүмкін.

АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Похожие материалы