Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бас банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Бас банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 7 желтоқсаннан 14 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 14 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,2%-ға әлсіреп  (370,49-дан), 371,31 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 7 желтоқсаннан 14 желтоқсан     аралығында маңызды оқиғалар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық қатынастарға қатысты келіссөздердің жалғасуы,  2019 жылдан бастап бағалы қағаздарды сатып алу бағдарламасының тоқтатылуы туралы ЕОБ-нің растауы, ЕОБ мен ФРЖ өкілдерінің  экономикалық тұрақтылық пен монетарлық саясатқа қатысты түсініктемелері, 2019 жылғы қаңтарға дейін Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы келісім жобасы бойынша дауыс беру мерзімдерін ауыстыру, Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэйдің сенімсіздік білдіру туралы дауыс берудегі жеңісі, АҚШ-тағы инфляцияның, бөлшек сауданың және  өнеркәсіптік өндіріс  туралы  экономикалық деректерді жариялау  болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Оңтүстік Африка рэнді  ОАР Резервтік Банкінің есептік тоқсанда экономикалық белсенділіктің төмендеуі туралы деректерді жариялауы аясында 1,7%-ға (14,16-дан 14,40-қа дейін) әлсіреді;

Үндістан рупиясы Үндістанның Резервтік Банкінің Төрағасы Урджит Пателдің отставкаға кетуі, сондай-ақ 2019 жылғы  сайлау қарсаңында премьер-министр Нарендра Модидің партиясына сенімнің төмендеуі аясында 1,5%-ға (70,81-ден 71,90-ға дейін) әлсіреді;

Түрік лирасы Түркия президенті Р.Т. Эрдоғанның Сирияда жаңа әскери операция жүргізу ықтималдығы туралы мәлімдемесінің аясында 1,1%-ға (5,30-дан 5,36-ға дейін) әлсіреді. Fitch кредиттік агенттігі елдің тәуелсіз рейтингін теріс болжаммен ВВ деңгейінде сақтап қалды;

Индонезия  рупиясы  орталық банктің тарапынан валюталық өктемдіктерге қарамастан, 0,7%-ға (14 480-нен 14 581-ге дейін) әлсіреді; 

Ресей рублі  келесі жылы ішкі нарықта Қаржы министрлігі үшін валютаны тұрақты сатып алуды жаңғырту және ҚҚС-тің өсуінен инфляцияға қысымның аясында Ресей Банкінің негізгі мөлшерлемені 7,75%-ға дейін 0,25%-ға көтеруі туралы шешімге қарамастан  0,6%-ға (66,45-тен  66,86-ға дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы  апта ішінде айтарлықтай өзгеріссіз 3,91 деңгейде саудаланды. Орталық Банк ағымдағы негізгі мөлшерлемені  6,5%-дық деңгейде сақтап қалу туралы шешім қабылады;

Мексика песосы Мехико қаласында әуежай құрылысы үшін   қаржы тартуға арналған бұрын орналастырылған облигацияларды мемлекеттің сатып алу талаптарының жақсаруы аясында 0,1%-ға  (20,26-аен 20,24-ке дейін) нығайды.  Әуежай құрылысы жалпы референдуммен тоқтатылған.

Похожие материалы