Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАШ Қаржы министрлігі «Кремль тізімін» жариялады

БАШ Қаржы министрлігі «Кремль тізімін» жариялады

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - АҚШ-тың Қаржы министрлігі санкция туралы жаңа заңға сәйкес «Кремль тізімін» жариялады. Тізімде Олег Дерипаска, Роман Абрамович, Владимир Потанин, Михаил Фридман  сияқты ресейдегі  ең ірі бизнесмендер мен министр, ұлттық компания басшылары бар.

Сондай-ақ, бұл тізімде Алишер Усманов, Вагит Алекперов, Петр Авен, Елена Батурина, ағайынды Ананьевтар, Леонид Федун, Сергей Галицкий, Филарет Гальчев, Роман Авдеев, Михаил Гуцериев, Евгений Касперский, Сулейман Керимов, Игорь Кесаев, Андрей Косогов, Алексей Кузьмичев, Владимир Лисин, Зиявудин Магомедов, Искандер Махмудов, Александр Мамут, Леонид Михельсон, Юрий Мильнер, Борис Минц, Алексей Мордашов, Год Нисанов, Михаил Прохоров, Дмитрий Пумпянский, Виктор Рашников, Кирилл Шамалов, Олег Тиньков, Виктор Вексельберг, Аркадий Волож, Владимир Евтушенковтің де аты аталады.

Жалпы, конгреске жіберілген баяндамадағы тізімге қаржылық әлеуеті  $1 млрд жоғары 96 ірі бизнесмен мен 114 шенеунік, мемлекеттік компаниялардың басшыларының қосылған. Соңғыларының қатарында Дмитрий Медведев, Игорь Шувалов, Антон Силуанов, Максим Орешкин, Аркадий Дворкович, Николай Никифоров, Алексей Миллер, Игорь Сечин, Герман Греф, Андрей Костин, Борис Ковальчук, Сергей Горьков, Алексей Лихачев, Виталий Савельев, Николай Токарев және басқа да адамдардың аттары айтылған.

Құпия сақталып отырған баяндаманың қосымшасында жоғары шенді шенеуніктер мен қаржылық әлеуеті төмен адамдардың да тізімі болуы мүмкін.

Баяндамада мемлекеттің үлесі  25%-дан және табысы $2 млрд.асатын кәсіпорындар тізімі де көрсетілген.

Тізімда аты аталғаны нақты санкцияға ілінді дегенді білдірмейді. Алайда сарапшылар тізімге ілінгендердің шетелдік қаржы институттарында операцияларды жүзеге асыруы, кредиттік ұйымдармен байланысы қиындауы мүмкін деген пікірде.

«БАШ қарсыластарына санкция көмегімен қарсы тұру» Заңы Біріккен Америка Штаттарының қаржы министрін ұлттық барлау қызметінің директоры мен мемлекеттік хатшымен кеңесуден кейін ресейге қарсы санкция туралы баяндаманы Конгресске ұсынуға міндеттейді. Бұл заң күшіне енген кезден бастап 180 күн ішінде орындалуы керек.

Похожие материалы