Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Баспана Хит» бағдарламасының жылдық үстемесі арзандады

«Баспана Хит» бағдарламасының жылдық үстемесі арзандады

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді, - деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы.

Игі бастама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) 15 сәуірде базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асты. «Баспана Хит»​ бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшері ҚРҰБ базалық ставкасына (ҚРҰБ базалық ставкасы +1,75%) байланысты болатынын еске саламыз.

«Пайыздық үстеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Баспана Хиттің ипотеканы 11%-бен алған борышкерлері ай сайынғы төлемдерді бұрын бекітілген кестеге сәйкес төлейді. Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа клиенттерге ғана қатысты болады», – деді «Баспана» ИҰ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов.

Баспана Хит бойынша мақұлданған кредиттердің сомасы 25 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі күнге дейін 3​ 113 қазақстандық осы ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алды.

Баспана Хит азаматтың меншігінде баспанасы болса да бастапқы не қолданыста болған тұрғын үйді алуға мүмкіндік береді. Ипотеканы 8 банк береді: Халық банкі, ЦентрКредит банк, Сбербанк, Цеснабанк, Еуразиялық банкі, Forte Bank, Bank RBK және АТФБанк.

Похожие материалы