Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Баспана» ИҰ 850 млн теңгеге алғашқы купондық сыйақыны төледі

«Баспана» ИҰ 850 млн теңгеге алғашқы купондық сыйақыны төледі

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Бірнеше сағат бұрын «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ облигациялардың дебюттік шығарылымының бірінші кезеңі үшін купондық сыйақы төледі. Бұл туралы Компанияның Басқарма төрағасының орынбасары хабарлады.

Облигациялардың дебюттік шығарылымы өткен жылдың 3 қазанында өтті. Облигациялар 20 млрд теңгеге орналастырылды. Бүгінгі күні ипотекалық ұйым 850 млн теңге төледі.

4 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигациялардың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды.

Биыл «Баспана» ИҰ жергілікті бағалы қағаздар нарығында 200 млрд теңгеге орналастыруға ниетті.

«7-20-25» бағдарламасы ипотека нарығын дамытумен және халық үшін қолжетімді тұрғын үй салумен қатар, бағалы қағаздар нарығын дамытуды көздейді. Біз инвесторлар үшін сапалы және қызықты бағалы қағаздар үлесін арттыруды қалаймыз », - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Байдосов.

Бүгінде елімізде ипотекалық облигацияларды тек үш институт шығарады – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ және «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ.

Похожие материалы