Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – «Баспана» ипотекалық ұйымы KASE-ге 10 миллион дана облигация орналастырып, 10 миллиард теңге тартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.
2019 жылғы 13 мамырында KZ2C00005833 (BASPb3) облигацияларын орналастыру жылына 9,4400% деңгейінде өткізілді.
Айта кетейік, қағаздардың номиналды құны 1 000 теңгені құрады. Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі - 10 млн дана. Ал облигациялардың мерзімі - 2019 жылдың 5 сәуірінен 2020 жылдың 5 сәуіріне дейін.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде екінші деңгейдегі банктердің үлесіне 69,8%, институционалдық инвесторлардың үлесіне – 30,2% келді.