
Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ облигацияларды жылдық 9,6001% деңгейінде орналастырды, осылайша 9,9 миллиард теңге тартты, деп хабарлады KASE сайтында.
Барлығы 10 млн облигация орналастырылды, облигациялар бойынша мөлшерлеме жылдық 9,6001%-ды құрады.
Қағаздың айналыс мерзімі - 360 күн.