Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) 7,3 млрд теңге көлемінде облигациялар орналастырды, - деп хабарлады биржа.
Хабарламаға сәйкес, аукционға 9 қатысушыдан 19 өтінім түскен. 17,939 миллиард теңгеге 9 өтінім қанағаттандырылды. Ұсынысқа сұраныс 247%-ды құраған. Орташа алынған кірістілік жылына 10,3137%*ды құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) үлесіне 65,5%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне 25,1%, өзге заңды тұлғалардың үлесіне 9,4% келді.
Атаулы құны 1 мың теңге болатын 7,105 млн облигацияға 10 өтінім қанағаттандырылды.
Өтеу мерзімі – 218 күн.
«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ Қазақстан Ұлттық банкінің еншілес ұйымы, «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасының операторы.