Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Баспасөз бостандығы рейтингі жарияланды

Баспасөз бостандығы рейтингі жарияланды

Алматы. 18 желтоқсан. 7kun.kz — "Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымының баспасөз бостандығы мен журналистикадағы ахуалды бағалайтын рейтингінде Қазақстан 158-ші орынды иеленді.

Рейтингке барлығы 180 ел кірді. Қазақстан осымен екінші жыл қатарынан 158-ші сатыға орналасты.

Рейтинг көшбасшылары - Норвегия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Дания.

"Еркіндігі" төмен дәрежедегі елдер қатарына Вьетнам (176-орын), Қытай (177-орын), Эритрея (178-орын), КХДР (179-шы), Түркменстан (180-ші орын) мемлекеттері кірді.

Айта кетейік, Қазақстанмен көршілес елдер келесі орындарды иеленді: Қырғызстан - 83-ші, Ресей - 149-ші, Өзбекстан - 160-шы, Қытай - 177-ші.

Похожие материалы