Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Басшылары жиі ауысқан банктер

Басшылары жиі ауысқан банктер

2009 жылғы девальвациядан кейін біраз тыныштық орнады. Банктерде біраз ес жиып, жаңа өнімдерді ұсына бастады, болашаққа жоспар құрды. Банк жүйесін қайтадан бұрынғы қалыпқа келтіру мүмкін болды. Алайда 2014-2015 жылдардағы дағдарыс, мемлекетке келетін ақша ағынының қысқаруы және шикізат нарығының әлсіреуінен банк саласында ІТ шешімдер бойынша шетелдік банктерден қалыс қалу, проблемалы кредит, өтімділіктің болмауы сынды мәселелелердің туындауына себер болды. БАнк секторының жалпы түсімі 2015 жылы  18,93%-ға төмендеп, 227,02 млрд теңгені құрады (2014 жылғы көрсеткіш 280,03 млрд теңге).

Тәжірибе жүзінде нарықтағы жағдай нашарлай бастаса банктер екі түрлі жолды таңдайды. Бірі жеткішілгін ауыстырса, екіншісі ішкі бизнес процестерін өзгертуге тырысады. Forbes Kazakhstan агенттігінің шолуы бойынша Соңғы жылдардағы дағдарыстан соң Қазақстандағы ең ірі он банктің ішінде Қазкоммерцбанк, АТФ, ForteBank, RBK, Цеснабанк және Сбербанк бірінші жолды таңдаса, Халық банк, Kaspi Bank, Еуразиялық банк, ЦентрКредит екінші жолды таңдағанды жөн көрген.

Басшылары жиі ауысқан банктер

Банк басшылығының ауысуы бойынша Қазкоммерцбанкті көшбасшы деуге болады. Соңғы екі жылда банкте директорлар кеңесінің төрағасы жиі ауысты. 2015 жылдың сәуір айында Нұржан Субханбердин директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетіп, оның орнына Марк Хольцман келді. Нина Жүсіпованың басқарма төрағасы қызметі Мағжан Әуезовке өтті. Марк Хольцманды директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындау арқылы Қазком басқарудың халықаралық тәжірибесін енгізуді жөн көрді. Алайда 2016 жылдың 28 сәуірінде аталған қызметке банк акционері Кеңес Рақышев келді.

Жетекшілері жиі ауысатын банктердің бірі АТФБанк. 2010 жылдан бері банктың басқарма төрағасы қызметіне төрт адам келді. 2010 жылдың 21 қазанына дейін банкті Александр Пикер басқарды. Ал 2011 жылдың ақпанында бұл қызметке Ромео Коллина келді. 2013 жылы басқарма креслосына уақытша Ербол Абдугалиев отырып, кейін  банктің басқарма төрағасы ретінде Энтони Эспина тағайындалды. Жаңа басшы келгенге дейін банктің шығындары көп болды. Ал Энтони Эспина басшылыққа келген уақыттан бастап (2013 жыл, мамыр) түсім 2013 жыл үшін 1,8 млрд теңгені құрады. Осыдан соң банктің кірісі екі еселеніп, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 7,3 млрд теңгені құрады.

14423814_373948086326381_529705055_oЖетекшілер кадры жиі өзгеретін банктер қатарында ForteBank-те бар (Банктің бір бөлігін бұрынғы Альянс банк құрайды). 2009-2013 жылдар аралығында банктің басқарма төрағасы Мақсат Қабашев болды. Оның басшылығы кезінде 2011 жылға дейін кіріс көрсеткіші жаман болған жоқ. Банктің таза түсімі 2010 жылы 334,434 млрд теңгені құрады. Алайда 2012 жылы түсім 62,3 есеге азайып, в 640 млн теңгеге дейін қысқарды. Осыдан соң Мақсат Қабашевтың басқарма жүйесінен кетіп, оның орнына Тимур Исатаев келді. Банк шығыны көп болғандықтан, банк қызметі қайта құрылымдалып, Темiрбанк пен ForteВank бірігіп, капиталы қалыпты бола бастады.

Банктер біріктірілгеннен кейін 2014 жылы ForteBank-тің таза түсімі 171,2 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың желтоқсан айында банктің басқарма төрағасы қызметіне Талғат Қуанышев келді.

Ал соңғы жылдары Цеснабанктың басшылығы екі рет өзгерді. Банкті кемінде он жыл басқарған Дәурен Жақсыбек 2015 жылы басшылықтан кетіп, оның орнына Рустам Якупбаев тағайындалды. Алайда ол басқарма қызметінде ұзақ болған жоқ. 2016 жылдың сәуір айында бактің басқарма төрағасы ретінде  Ержан Таджияқов тағайындалды.Айта кетйік, банк түсімі 2010 жылдан бастап қалыпты өсіп келеді. 2015 жылы кіріс 16 млрд теңгеден асты.

Дағдарыс уақытында Bank RBK-ның да жетекші тобы өзгерді. 2014 жылдың қараша айында Марпа Жакубаеваның орнына Игорь Мажинов келді. Нақтырақ айтар болсақ, басқарма төрағасының өзгеруі банкке жаң акционерлердің келуімен байланысты болды. 2014 жылы Bank RBK-ның таза кірісі 2 млрд 486 млн теңгені құраса, 2015 8,6 есеге азайып, 290 млн теңгені құрады.

Ал Сбербанк Қазақстанның басқарма төрағасы 2011 жылдан кейін тек бір рет өзгерді. 2012 жылдың күзінде бақарма қызметіне Александар Камалов келді. Ол Олег Смирновтң орнына тағайындалды.

Ұзақ жыл басқарғандар кімдер?

Басқа банк акционерлері болса басқарма жүйесінде аса өзгерістердің болғанын қаламайды. Мысалы Банк ЦентрКредитті Владислав Ли 1998 жылдан бері басқарып келеді. Белсенді жарнамалық науқандардың арқасында банк 2000 жылдан бері танымалдығын жоймай келеді. 2010 жылы банк таза шығынға ұшырады. Сондықтан ұйым автивтердің өтімділігін қысқартып, пайыздық мараны көбейті бойынша жұмыс істеді. Осыдан соң банк 2011-2015 жылдардағы қаржы жағдайына қатысты "қалыпты" деп есеп берді.

Қазақстанның банк жүйесіндегі ең жас басқарма төраға Михаил ЛомтадзеОл Kaspi Bank-ті 2007 жылдың 12 қазанынан бастап басқарып келеді. 2010 жылы банктің таза түсімі 2 млрд теңгеден асты. Ал 2015 жылға дейін қаржы ұйымының кірісі мен актив көлемі өсті. Сондай-ақ, банк жүйесіне бірқатар ерекше инновациялық өнімдер енгізілді. Ең алдымен коммиссиясыз, онлайн қызметін ұсынушы kaspi.kz сайты мен kaspi  магазин биыл қазақстандықтар арасында ең танымал ресурстарға айналды.

14429558_373979046323285_1108033047_nАл Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова да жеті жылдан бері банк жүйесінің реттілігін қамтамасыз етіп келеді. Ол осы жылдар ішінде банктің актив көлемі бойынша нарықтағы екінші орнынын сақтап, өзінің тәуелсіз ұстанымын ашық көрсете білді. 2010 жылдың соңында банкітің таза түсімі 36 млрд теңгені құраса, 2015 жылы 120 млрд теңгені құрады. Ал осы жылы пайыздық шығындардің көп болуына және кредиттеудің аз болуына байланысты түсім 1,5–2 есеге азаюы мүмкін.

Қазақстанда АТФБанктен бөлек Еуразиялық банкті де шетел азаматы басқарады. Майкл Эгглтон аталған банкті жеті жылдан бері басқарып келеді.  Эгглтонның банкті басқару кезінде Еуразиялық банктің клиенттерінің саны 10 есеге өсіп, 1 млн адамды құрады. 2013 жылдың нәтижесі бойынша банк түсімі 13 млрд теңгеден асты. 2015 жылғы дағдарыс әсерінен банк кірісі азайғанмен, активтер көлемі 1 трлн теңгеге дейін өсті.

Похожие материалы