Басы дауға қалған Төреғалиге PR мамандары кеңес берді
25 декабря, 2017
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Әнші Төреғали Төрәлінің айналасындағы дау әлі басылмай тұр.
Әлеуметтік желі оқырмандары Павлодар сахнасындағы шулы оқиғаны әлі талдап жатыр. «Орда FM» ұжымы әншінің әндерін эфирден алып тастадық десе, Павлодарлық шенеуніктер енді қаладағы шараларға шақырмаймыз деп отыр. Бұған Несіп Жүнісбайұлы, Ермұрат Бәпи, Дана Нұржігіт сияқты белгілі журналистер де үн қосқан. Әншіге әзірге қолдау көрсеткен жанкүйерлері мен сахналас достары ғана. Бұл оқиға туралы қоғаммен байланыс мамандары да пікір білдіріп үлгерді.
Белгілі пиар маманы Ерлан Аскарбеков бүгін әлеуметтік желіде әншіге бірнеше кеңес ұсынған.
Тыныштық сақтаңыз (бірақ бұзып үлгерді)
2 апта ішінде өте жарқын, эффектсі жоғары, вирустық, бұрын болмаған, патриоттық PR-жоба жасаңыз
1 ай ішінде жаңа суперхит шығарыңыз, дайындап қойғандардың ішінен ең үздігін таңдаңыз. Кейде авторларда сөзі бар, әуені жоқ немесе керісінше болады. Өзіңізде бар ең тамаша туындыны шығарып, талантты автордың бірімен қосылып жаңа туынды шығарыңыз.
PR бойынша арнайы тренингтен өтіңіз
Толыққанды команда құрыңыз
PR стратегияңыз бен коммуникация стилін өзгертіңіз