Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Баталов: Шағын және орта бизнестен бюджетке түскен түсім үлесі - 38 %

Баталов: Шағын және орта бизнестен бюджетке түскен түсім үлесі - 38 %

Талдықорған. 22 ақпан. 7kun.kz - Алматы облысында 118 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олардан бюджетке түскен үлес 2016 жылы 38 пайызға дейін жетті. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов өзінің есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көрстекіш 2014 жылы 21%-ды құраған. Баяндамада облыс басшысы кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 15,4 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілгенін, оның 9,6 млрд теңгесі микрокредиттер екенін атап өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылған шаралардың есебінен Алматы облысында қосымша 25,5 мың жұмыс орны ашылған.

Похожие материалы