Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Батыс-Мұнай" ЖШС-ға салынған айыппұл кері шегерілді

"Батыс-Мұнай" ЖШС-ға салынған айыппұл кері шегерілді

Қазақстандағы Жоғары соттың  азаматтық және әкімшілік істерді бақылайтын сот алқасы "Батыс Мұнай" ЖШС-ға салынған 700 млн теңгенің айыппұлын кері қайтарды деп хабарлайды кәсіпкерлердің Аймақтық палатасының Ақтөбе облысындағы сарапшысы Руслан Құйшынов.

2014 жылы "Батыс-Мұнай" ЖШС салық ұйымдары жүргізген жоспардан тыс тексерістің шешімдерімен келіспейтіндігін мәлімдеген еді.
"Салық департаментінің мамандары "Батыс-Мұнай" ЖШС компанияға жеткізушілердің дұрыс үлгіде жұмыс істемеуіне байланысты дизельді отынды меншіктеп алды деген фактіге сенімсіздік білдірді", -деп түсіндіреді Р.Құйшынов.
2014 жылдың көктемінде  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ( МУЭС)  тексерістерді заңсыз деп тапты.
Салық департамент бақылау шағымын түсірді. Нәтижесінде аппеляциялық алқа  мен МУЭС-тың шешімі кері қайтарылды. Өз кезегінде "Батыс-Мұнай" Жоғарғы сотқа шағым түсірді. 2015 жылдың 25 ақпанында Жоғары сот Ақтөбе облысының кассациялық алқасының үкімін өзгертіп, 700 млн теңге айыппұлды кері шегерді.
"Батыс-Мұнай" ЖШС - 2001 жылы Ақтөбеде құрылған мұнай-сервис компаниясы. Кәсіпорын мұнай-газ саласында бұрғылау және мұнай-газ құбырларын жөндеумен айналысады.
 

Похожие материалы