БҚО. 22 маусым. 7kun.kz – Батыс Қазақстан облысында нан бғасы 200 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz «Мой город-қа» сілтеме жасап.
«Енді Орал дүкендерінде нан құны 200 теңге. Бүгін олар оны жаңа бағамен әкелді», – делінген хабарламада.
Наубайханада жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасы бүгіннен бастап қымбаттағанын хабарлады. Егер бұрын наубайханалардың сату бағасы бір бөлке үшін 170 теңге болса, қазір – 190 теңге. Бағаның өсуі ұн, май және қант бағасының өсуімен байланысты. Сондай-ақ, наубайханада барлық кондитерлік өнімдердің бағасы 20 теңгеге көтерілгенін атап өтті.
Қалалық наубайханалардың бірінің меңгерушісі оларда да осынған ұқсас жағдай екенін және қазір нан бағасының 190 теңгеге көтерілгенін айтты.
«Ең жоғары сортты ұнның бір келісі 170 теңге тұрған, қазір ол 190 теңге, сондықтан нан бағасы көтерілді. Барлық компоненттер қымбаттады. Бұл баға ең соңғы емес, өйткені бізде өзіміз өндіретін ештеңе жоқ. Бізде қант өндірілмейді, ұн көрші Ресейге қарағанда қымбат, қазір рубль өсіп жатыр. Ал егер нан біздің ұннан пісірілген жағдайда, бір бөлке 250 теңге тұрады», – деді басқарушы.
Ауыл шаруашылығы басқармасынан аталған жағдайға байланысты түсініктеме алу мүмкін болмады.