Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын түрмеден босатылды

Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын түрмеден босатылды
3 жылға сотталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын түрмеден шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Енді ол бостандыққа толық шығу үшін 15 күнге созылатын бірнеше рәсімнен өтуі тиіс. Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмагүл Шуженова шығарған шешімде "Әбдішевті мерзімінен бұрын босатып, оған 1 жыл 4 ай 4 күнге пробациялық бақылау орнатылсын" делінген.
Бауыржан Әбдішев былтыр 11 желтоқсанда жемқорлыққа қатысты бірнеше бап бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Кейін апелляциялық сотта мерзім 3 жылға дейін қысқарған. Абақтыда жаза мерзімінің жартысын, яғни 1 жыл 7 ай 25 күнін өткізгендіктен және үлгілі тәртібімен көзге түскендіктен сот оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Похожие материалы