Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бауыржан Байбек анасымен бірге қажылықта жүр

Бауыржан Байбек анасымен бірге қажылықта жүр

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбектің қайда екені белгілі болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Dostyk.travel туристік агенттігінің хабарлауынша, Бауыржан Байбек қасиетті Рамазан айында анасымен бірге Меккеде қажылықта жүр.

«Қасиетті Рамазан айында Бауыржан Байбек ағамыз анасымен Умра қажылығын жасады. Елімізге,жерімізге жасаған дұға тілектеріңіз қабыл болсын!» – делінген жазбада.

Айта кетейік, Бауыржан Байбек ақпан айының басында сол кездегі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Похожие материалы