Бауыржан Байбек «Көк-Жайлау» курортының құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды
Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Көк-Жайлау» курортын салуды кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Ой-Қарағай» - «Лесная сказка» 20-дан астам рет өзгертілді, барлық әлемдік курорттар - олар үнемі пысықталуда. (…) Жобаны («Көк-Жайлау») тағы да пысықтап, қазір кейінге қалдыруды ұсынамын», - деп мәлімдеді Байбек Қоғамдық кеңес отырысында.
Айта кетейік, Көк-Жайлау шатқалы 2014 жылға дейін Іле Алатауының бірегей экожүйелері мен ландшафтарын сақтау үшін 1996 жылы құрылған Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің құрамына кірді.
Еске сала кетейік, Алматы билігі Көк жайлауда тау шаңғысы курорты, қонақ үйлер, мейрамханалар, мұз айдыны мен би алаңдарын қамтитын спорттық-ойын-сауық кешенін салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Медеу-Көк-Жайлау гондолды жолының құрылысы жоспарлануда. Құрылыс 2020 жылы басталуы керек.