Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бауыржан Байбек қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Бауыржан Байбек қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

"Алматы спецтехпаркингсервис" басшысы Марат Пірінбеков, "А-parking" басшысы Мұхтар Базарбаев пен олигарх Қайрат Боранбаевті тергеу жұмыстарының нәтижелерінен кейін Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz Dala инсайд Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Әкім болып тұрған кезде олигарх Боранбаевтың бизнес мүдделері үшін жер телімдерін заңсыз бөлу, бюджетке төленуі тиіс паркинг төлемдерінен заңсыз үлес алып отыру сынды эпизодтары қазір жіті зерттелуде. Және Байбектің "Қаңтар оқиғасына", әсіресе оны қаржыландыруға қатысы бар-жоқтығы тексеріле бастады.

Алдын-ала есептеулер бойынша, Байбек қазақ халқына 8 млрд теңге шығын әкелген. Бірақ ол ақпарат әлі тексеріліп жатыр. Бауыржан Байбек Қазақстан аумағында жүрген жоқ. Қазіргі ақпарат бойынша, Дубайда тұрады, әрі арагідік Германияға ұшып-келіп жүр.

Байбек алматылықтарға Арбат пен Астана алаңын аббаттандырумен, Атакентке зәулім Тиын (белка) мүсінін қойдырып, Фурманов даңғылын Назарбаевқа ауыстыруымен есте қалды.

Бірақ Байбек өзіне президент қойған басты тапсырма - Алматы экологиясын жақсартуды орындамады. Оның әкім болған кезінде ТЭЦ газға ауысқан жоқ, көлік кептелісі одан бетер өршіп, экология нашарлап кетті.

Похожие материалы