Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бауыржан Байбек табысты адамның қандай болуы керектігін айтты

Бауыржан Байбек табысты адамның қандай болуы керектігін айтты

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz - Табысты болу үшін адамға білім, тәрбие және денсаулық керек. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Білім беру саласы қызметкерлерінің кеңесінде айтты.

"Табысты адамда үш нәрсе болуы керек: ол білімді, тәрбиелі және дені сау болуы керек. Денсаулық болмаса, қалғанының керегі жоқ. Сондықтан балаларымызды жастайынан денін сау ұстауға үйретуіміз керек. Велосипед спортын қолдайтынымызды білесіздер. Жапониялық бір философ кейбіреулер жүгіруді біреуден қашу деп ойлайды деп айтқан. Жоқ біз қартайғанда сау болу үшін жүгіреміз. 40 жастан асқанда адам күшінен айырылып, семіп қалады. Ал спортпен шұғылданса, 60, 70 және 80 жасқа дейін қуатты болады. Балаларды осыған баулуымыз керек", - дейді Алматы басшысы.

Байбектің сөзінше, балалардың денсаулығы адамдардың өз қолында.

"Қазіргі кезде олар аз қозғалып, теледидар алдында, партада көп отырады. Сондықтан 1 қыркүйектен бастап нақты шаралар қолдану керек. Омыртқаның қисаюы, көру қабілетінің нашарлауы және басқалары - мұның бәрі білім сапасына әсер етеді. Жалпылай алғанда біздің барлық жоспарларымызға қаржы бөлінген", - дейді Байбек.

Похожие материалы