Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әбдіғаппаровтар Алматыда рейдерлік іспен ұсталғандарды Болат Назарбаевпен байланыстырды

Әбдіғаппаровтар Алматыда рейдерлік іспен ұсталғандарды Болат Назарбаевпен байланыстырды

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz –Жақында сотталған бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровтың туыстары Алматыда рейдерлік басып алу ісімен ұсталғандарды Болат Назарбаевпен байланыстырды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Нағыз қарақшылар, нағыз қылмыскерлер ұсталды. Бұл жаңалық біздің болашаққа деген сенімімізді, әділдікке деген сенімді, ісіміздің әділ шешілетініне деген сенімді қайтарды. Олардың отбасымен бірге жасағандары заңсыздық. Алмастың ата-анасының, үлкен кісілердің үйіне келіп қорқытып компаниямыздың үлесін аударып алған. Мұның бәрі ата-анамыздың денсаулығына зиянын тигізбей қоймады», – деді бизнесменнің жары Ольга Әбдіғаппарова.

Ол соңғы болған тұтқындау ісі үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

«Бүгін біз, Әбдіғаппаровтар отбасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бізді естігені үшін алғыс айтамыз. Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті біздің өтінішімізге реакция танытып, нағыз қарақшылар тұтқындалды. Бұл қарақшылар тобы. Олар біздің үйімізге келді, жасымызға қарамай, ұлым Алмастың өмірімен қорқытты. Бопсалау, алдау жолымен… мен компаниямыздың үлесін аударып беруге мәжбүр болдым. Біз бұл тек бастамасы екенін түсінеміз, бірақ мен бұл істің объективті нәтижесіне сенемін», – деді кәсіпкердің анасы Сәуле Жүнісбекова.

Әбдіғаппаровтар отбасы бұған дейін Болат Назарбаевтың адамдарын олардың бизнесін рейдерлік жолмен басып алды деп айыптаған болатын.

«Бүгін біз қылмыскерлердің ұсталғанын білгенде жеңілдеп қалдық. Ақырында, бұл ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) ұсталды және әділ жазаланады. Біздің ұйқымыз тынышталып, әділеттілікке деген сенім сәулесі пайда болды», – деді кәсіпкердің әкесі Алтай Әбдіғаппаров.

Айта кетейік, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаров 5 шілде күні сотталған. Алматыдағы сот оны ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау) бойынша кінәлі деп таныды.

Похожие материалы