Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Beeline Қазақстан компаниясының жалпы табысы 6%-ға өсті

Beeline Қазақстан компаниясының жалпы табысы 6%-ға өсті

Beeline Қазақстан компаниясы 2014 жылдың нәтижесін жария етті. Өткен жыл компания үшін табысты болды: ақшалай түсім мен тұтынушылар саны өсті, табыстылық артты.

2013 жылмен салыстырғанда, компанияның жалпы табысы 5,9%-ға өсіп, 135 267 млн теңгені құрады. Тұтынушылар сөйлесу мен интернетті көбірек пайдаланады. Мобильді сегменттен түсетін ақшалай түсім  4,1%-ға, мобильді деректерді жеткізу бойынша 32,4%-ға өсті. Тұтынушылардың саны 669 мың адамға артып, жалпы саны 9 827 мың адамға жетті.

EBITDA  көрсеткіші біршама өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 5,2% -ға артты. Компанияның жалпы табыстылығы – 62 494 мың теңге.

2014 жылы қызметтер бағасы төмендеді. Меншікті баға 13,9% -ға азайып, минутына 3, 58 теңге болды. Компания тұтынушылары айына 309 минут сөйлеседі. Бұл дегеніміз 2013 жылмен салыстырғанда 6,8% -ға көп. Мобильді интернет-трафик 82,9%.-ға өсті. Өткен жылға қарағанда 2014 жылы компания тұтынушылары интернетті екі есе көп пайдаланды. 2013 жылы орташа қолданыс айына 148 Мб болса, 2014 жылы 271 Мб болды.

Абоненттің айлық орташа есебі төмендеп барады. Осы жылы ол көрсеткіш 3,4% -ға азайып, 1 042 теңгені көрсетіп отыр.

«Өткен жылдың ойдағыдай өтуі – сапалы өнімдер, жоғары сапалы қызмет көрсету және команданың бірлескен жұмысына байланысты. Біз үнемі нарықта болып жатқан оқиғаларға хабардар болып, бәсекелестердің белсенділігін байқап отырамыз. 2015 жылы да осы бағыттан таймаймыз», – дейді Beeline Казахстан компаниясының атқарушы директоры Тарас Пархоменко.

«Интернет үйде»  қызметінің қосығанына 2014 жылы 5 жыл болды. Өткен жылы сымды интернет желісіне 4 жаңа қала қосылды: Рудный (Қостанай облысы), Балқаш, Абай (Қарағанды обысы) және Хромтау (Ақтөбе обысы) қалалары. Интернет желісі қосылған қалалардың жалпы саны 25. Ал,үйлер саны – 1 200 000.

Ақпарат көзі: капитал.кз

Похожие материалы