Экономика
Выбор редактора
Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры тағайындалды
Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры қызметін атқарып Александр Комаров Бас атқарушы директор болып тағайындалды. Ол 31 желтоқсанда өкілеттілігі аяқталған Тарас Пархоменконың орнына келді.
«Мен үшін нарықтық трансформация жағдайында компанияны басқару - бұл үлкен сын. Алдымызда өте қызықты шақтар тұр - 4G желісін құру және іске қосу, мобильді қаржыларды дамыту, мобильді және тұрақты қызметтерді бір топтамаға біріктіру және басқалары. Beeline-да ең бастысы – әлеуетті кәсіпқой мамандар тобы мен корпоративтік мәдениет бар және мен, бәріміз бірге биік нәтижелерге жететінімізге сенімдімін», - дейді компанияның жаңа директоры Александр Комаров.
Компания таратқан мәлімдемеге сүйенсек, Тарас Пархоменконың жетекшілігімен Beeline абоненттер саны бойынша нарықтағы үлесін 5%-ға, ал табыстылық бойынша нарықтағы үлесін (EBITDA) 40%-ға артқан. Оператордың клиенттер саны 14%-ға жоғарылап, осы уақыт аралығында миллионнан астам адам Beeline-ға қосылған. Компания сымды интернетке Қазақстанның барлық облыс орталықтарын қосып, осы сегменттегі түсімін 53%-ға өсірген. «Үйдегі Интернеттің» клиенттік базасы 38%-ға өсіп, 400 мыңнан астам түсімді құраған.
2015 жылы «National Business» іскерлік талдамалық журналы Тарас Пархоменконы Қазақстанның үздік 10 СЕО қатарына қосты. 2013 жылы ол Vlast.kz сараптамалық интернет-журналының жыл сайынғы «Жыл адамы» бәйгесінің нұсқасы бойынша «Жыл менеджері» болып танылды.