Астана. 31 қазан. 7kun.kz – Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген Жарлықта.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Ол 2019-2121 жылдар аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған болатын.