Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бейнесұхбаттан сәтті өткіңіз келсе, 4 кеңесті есте ұстаңыз 

Бейнесұхбаттан сәтті өткіңіз келсе, 4 кеңесті есте ұстаңыз 

Бейнесұхбаттар (видеосұхбаттар) HR маманы үшін кең тараған құралға айналып келеді. Бұл бүкіл әлемдегі кандидаттармен сұхбаттасу өткізуге мүмкіндік береді. Әдеттегі сұхбаттасу сияқты, бейнесұхбатқа да алдын-ала дайындалу керек. Бейнесұхбаттан сәтті өту үшін төрт кеңес ұсынамыз.

1. Қосылымды тексеріңіз 

Егер сіз соңғы сәтте үстелдің астынан микрофоныңызды іздеп немесе камераңызды компьютерге қосам деп еңкейіп-қисайып отырсаңыз, кандидаттың біліктігіне рекрутерді сендіру мүмкін емес. Сондықтан бейнесұхбат жазуды бастамас бұрын, барлық нәрсе қосылып, байланыс дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.

2. Адам көркі - шүберек 

Киім таңдаңыз. Бейнесұхбат кезінде өз пәтеріңізде отырғаныңызға қарамастан, бұл ресми сұхбат екенін ұмытпаңыз. Сіз жұмыс істегіңіз келетін компанияның кеңсесіне баратындай киініп алыңыз. 

  1. Лайықты орта

Әңгімелесу үшін бөлме дайындап қойыңыз. Сырттағы шу, қоңыраулар, үй жануарлары немесе үйдегілер  сізге кедергі жасамайтын орынды таңдаңыз. Бейнесұхбаттасуға дайындалу кезінде бөлмеге назар аударыңыз. Жұмыс беруші сіздің пәтеріңізді тұтас көрмейді, бірақ сұхбаттасу кезінде сіздің артындағыны анық көреді. Кадрға не кіретінін қарап, HR-менеджерді шашылған заттар алаңдатпауын қадағалаңыз. 

  1. Жымиыңыз, сізді камера түсіріп жатыр ғой!

Камера қарап тұрса, кейбір ізденушілердің мінез-құлқы қалай өзгеретіні қызық; кейбіреулердің бірінші реакциясы - мүмкіндігінше жылдам зыту, әрине, бейнесұхбат кезінде бұл дұрыс емес. 

Бейнесұхбаттан өту үшін негізгі ережерді есте сақтаңыз: 

- Экрандағы бейнеге емес, камераға қараңыз. 

- Объективтің айналасына емес, тура өзіне қараңыз. 

- Анда-санда айналадағы дүниеге назар салыңыз, бұл ахуалды жеңілдетуге көмектеседі. 

- Күлімдеңіз :) Бірақ асыра сілтеу болмасын. 

Ең алдымен, сіздің алдыңызда камера емес, тірі тұлға тұр деп санаңыз. Адаммен бетпе-бет сөйлескенде, өзіңізді қалай ұстайсыз, солай ұстаңыз.  

Дереккөз: Hipo.kz

Похожие материалы