Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әуе саласының қызметкерлері Азаматтық авиация комитетінің төрағасын сынады

Әуе саласының қызметкерлері Азаматтық авиация комитетінің төрағасын сынады
Бүгін Алматыда әуе қауіпсіздігі жөніндегі кеңес өтті. Шараға ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің басшылығы қатысады деп күтілген еді. Сондықтан болар шараға еліміздің түкпір-түкпірінен әуе компаниялары мен әуежайлардың басшылары түгел жиналды. Алайда, соңғы сәтте ААК төрағасы Бекен Сейдахметов пен оның орынбасарларының келмегені анық болды. Олардың орнына комитеттің аймақтық инспекциясының бастығы Берік Асанов пен ұшу қызметін қамтамасыз ету басқармасының бастығы Көпбосын Тоқпақбаев есеп берді. Асановтың айтуынша қазіргі кезде Қазақстанда 50 әуе компаниясы тіркелген. Оның 6 аймақтарға ұшады, 14 чартерлік рейстерді орындайды, 2 жүк тасымалдайды, 25 авиациялық жұмыстарды жүзеге асырады. Сондай-ақ елімізде 1 890 ұшқыш, 1 235 инженер, 900 диспетчер, 851 әуе кемесі тіркелген. 2015 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 5,9 млн жолаушы тасымалдаған. Елдегі әуежайлар 12,1 млн адамға қызмет көрсеткен. 4 әуе компаниясының сертификаты алынып, 27 әуе кемесінің ұшуына тиым салынған. Сондай-ақ Астанадан Париж, Сеул, Дубайға, Ақтаудан –Минералды суларға, Қызылордадан Мәскеуге, Алматыдан Минскіге 8 халықаралық маршрут ашылған. Алайда бұл сандар жиналғандарға маңызды болмаған сыңайлы. Өйткені жиын соңында көпшілігі комитет төрағасы Бекен Сейдахметовті күткенін айтып, ашуланғандай болды. -Бекенге сұрағымыз бар. Мұнда авиация басшылары жиналған. Ал, ол келмеді. Бекенге сала (авиация саласы –ред.) керек емес. Оған да, министрге де, -деді ренішін жасырмаған ҚР Әуе тасымалдаушылары Ассосациясының төрағасы Владимир Куропатенко. Оны   ҚР Авиация саласы мамандарын кәсіподағы Федерациясының төрағасы Шмидт Сабиров та қолдады. «Басшы-шенеуніктерсіз мұндай форум жинаудың қажеті не? Салаға деген осындай көзқарас бола ма? Біз 1978 жылы 6,8 млн адам тасымалдадық. Қазір біздің компаниялар 5,9 млн адам тасымалдапты. Сіздердің сол кездегі көрсеткішке жете алмауларыңыз нені білдіреді,- деп ашуланды ол. Алайда  жинап алып келмей қойған басшының орнына жауап берген ешкім болмады. Жиналғандар  ақыры реніштерін айтып тарасты.

Похожие материалы