Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Беларусь ТМД аумағында жеке тұлғалар мен көліктер кедергісіз, еркін жүруі керек деп отыр

Беларусь ТМД аумағында жеке тұлғалар мен көліктер кедергісіз, еркін жүруі керек деп отыр

Минск. 20 мамыр. 7kun.kz – Беларусь ТМД елдеріне жеке тұлғалар мен көліктің барлық түрлеріне қойылған шектеулерді алып тастауды ұсынады.

«2022 жылдың 8 сәуірінен бастап Еуропалық Одақ Беларусь пен Ресейде тіркелген көліктерді өз аумағына кіргізуді тоқтатты – рұқсат өнімдердің жекелеген түрлерін тасымалдауға ғана қатысты. Осыған байланысты біз жүк ағынын басқа бағыттарға қайта бағыттаймыз. Біз ТМД-ның ішкі көлік нарығының әлеуетін пайдалану қажет деп санаймыз – бұл жерде резерв бар», - деді Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко ТМД Үкімет басшылары кеңесінің онлайн отырысында сөйлеген сөзінде.

Премьер-Министрдің сөйлеген сөзінің видео фрагментін оның баспасөз қызметі таратты.

«ЕАЭО-да жүктерді каботаждық тасымалдауды кезең-кезеңімен ырықтандыру бағдарламасын қабылдадық. Достастық аясында бізге де көлік дәліздерін жетілдіру, жүк тасымалдау үшін заманауи жағдайлар жасау шараларын қабылдау қажет деп санаймын. ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында жеке тұлғалардың қозғалысына және Достастық шеңберінде көліктің барлық түрлеріне шектеулерді алып тастау керек», - деді Головченко.

Похожие материалы