Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Белгілі қазақстандық ІТ маманы Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті

Белгілі қазақстандық ІТ маманы Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Бұл туралы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның жазуына қарағанда ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде Мирус Құрмашев Түркияның Хатай қаласында болған.

«Содан бері онымен байланыс үзілді.  Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ.

Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Түркияға ұшады.

Қандай да бір ақпарат болса немесе іздеу тобына қосыламын дейтіндер болса, Мирустың ағасы Алматқа телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. +7 702 430 20 21», – деп жазды Мағжан Мәдиев.

Похожие материалы