Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Белгісіз азамат қаза болған полицейлердің отбасыларына 1 млн теңге аударды

Белгісіз азамат қаза болған полицейлердің отбасыларына 1 млн теңге аударды

"Taiburyl" қоғамдық бірлестігі Алматыдағы теракт кезінде қаза болған полицейлердің отбасына көмек ретінде жиналған қаржы туралы мәлімдеді. Бірлестіктің атқарушы директоры Дәурен Түрғымбевтың сөзінше, қайырымдылық акциясы басталғалы бері 3,6 млн теңге жиналған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

"Қазіргі уақытта жиналған қаржының жалпы сомасы - 3 693 856 теңге. 185-тен аса аударым жасалған. Ақша аударғандардың арасында жеке және заңды тұлғалар да бар", - деді ол.

Оның сөзінше, қаражат Қазақстанның түрлі аймақтарынан аударылып жатыр. "Ақша Алматы, Алматы облысы, Астана,  Қарағанды сынды қалалардан жиналуда. Қазіргі уақытта ең көп аударылған қаражат көлемі - 1 млн теңге. Мұны жеке тұлға аударған. Алайда адамдар оның атын атамауды өтініп отыр", - деді Тұрғымбев.

Сондай-ақ, ол қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасына көмек ретінде қаражат жинау 29 шілдеге дейін жалғасатынын атап өтті.

"Taiburyl" қоғамдық қоры арқылы қаражатты келесі тәсілдер арқылы аударуға болады:

1) жеке тұлғалар кез келген банк картасы арқылы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның "Ерау" модулі арқылы аудара алады. Ол үшін www.taiburyl.kz сайтына кіріп, "Жобаны қолдау" батырмасын басу керек, қажетті бағандарды толтырып, "Қаза болған полицейлердің отбасына көмек" деп түсініктеме қалдыру қажет;

2) www.kaspi.kz онлайн қызметін пайдаланатындар да Бірлестіктің есебіне ақша аудара алады. Ол үшін kaspi.kz сайтында "Төлемдер" деген бөлімдегі "Басқа" деген бөлімшеге кіріп, "Қайырымдылық" батырмасын басу арқылы "Taiburyl" ҚБ таңдайды. Қажетті бағандар толтырылады; З

3) Ал заңды тұлғалар Бірлестік есебіне келесі реквизиттер арқылы ақша аудара алады: "KASPI BANK" АҚ БИН "Taiburyl": 130840014532 Шот: KZ49722S000000866140 (KZT) БИК: CASPKZKA

"Қазкоммерцбанк" АҚ БИН "Taiburyl": 130840014532 Шот: KZ509261501169513000 (KZT) БИК: KZKOKZKX Төлемді тағайындау коды 119 "Қайырымдылық көмек" (Благотворительная помощь").

Сондай-ақ, осы реквизиттер бойынша жеке тұлғалар қайырымдылық көмек ретінде банк бөлімшелеріен қаражат аудара алады.

Ақшалай қаражаттардың түсуі және жұмсалуы туралы нақты ақпарат БАҚ арқылы және 10 маусымға дейін бірлестіктің ресми парақшаларында жарияланады. Байланысу үшін: атқарушы директор Дәурен Тұрғымбаев(+7 (707) 997-88-00).

Похожие материалы