Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Белгісіз топтар Қазақстанда жаңа валюта енгізіледі деген хабарлама таратып жүр

Белгісіз топтар Қазақстанда жаңа валюта енгізіледі деген хабарлама таратып жүр

Қазақстандықтарға "Алтын" бірыңғай  валютасы енгізіледі деген хабарламалар келіп жатыр. Бұл туралы Total.kz жазады.

Әлеуметтік желіде  3000, 20000, 25000 және 50000 номиналды  ақша белгілерінің суреттерін тарату жалғасын алып жатыр. Бұл суреттер бір жыл бұрын  халық арасында дүрбелең туғызып, жалған суреттер екені анықталған еді. Алайда теңгенің еркін айналымға түскен кезінде қайтадан жарияланып отыр. Сондай-ақ WhatsApp қолданушыларына "Видела новые купюры через неделю доллара не будет единая нац.валюта "алтын" всё будет только в тенге если есть друзья и знакомые скажи пусть доллары в тенге переведут"  (орфографиямен пунктуация сақталған) яғни "Жаңа ақша белгісін көрдім, бір аптадан кейін доллар қалмайды, жаңа бірыңғай валюта "Алтын" пайда болады. Достарың мен таныстарыңа ескертіп қой, долларларын теңгеге айырбастап алсын" деген хабарламалар түсіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылдарда "Алтын" валютасын енгізу ұсынылған болатын. Алайда бұл ұсыныс қабылданбады. Кейінірек Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін бірыңғай валюта енгізу жайлы мәселе де талқыға түскен, бірақ сарапшылар мен мамандар мемлекетіміз мұндай өзгерістерге әзірге дайын емес деген пікір білдірді. ҚР Заңына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 2-5 жыл аралығында бас бостандығынан айырылады.

Похожие материалы