Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бельгиялық жігіт Tinder қосымшасы арқылы тегін саяхаттаған

Бельгиялық жігіт Tinder қосымшасы арқылы тегін саяхаттаған

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Independent басылымының хабарлауынша, Брюссель қаласының тұрғыны Энтони Ботта Tinder қосымшасы арқылы көптеген қалаларды аралаған. Қосымша арқасында ол Голландия, Германия, Австрия, Словакия, Чехия, Венгрия және Польша секілді елдерге саяхаттаған.

Түнейтін жерді табу үшін саяхатшы белгілі-бір қызға, ол оның осы қаладағы сәйкестігі деп жазады. Кейіннен, ол қызға Youtube-тағы видеосының сілтемесін жіберіп, негізгі мақсатын түсіндірген. Жігіттің айтуынша, оның бұл ұсынысына деген адамдардың реакциялары түрлі болған. Біреу жай ғана сәттілік тілесе, енді біреу, керісінше, үйінде қалуға рұқсат еткен.

«Әрине, Тиндермен саяхаттайтын жігіт бәріне бірдей ұнай бермейді. Сондықтан да, менің тарапыма қатысты кейде тіл тигізіп жатқандар да кездесті. Өздерінің жағымсыз пікірлерін де қалдырып кетеді», - дейді Энтони Ботта.

Дегенмен де, біз жақсылап араласып бастамас бұрын да, мені қуана қарсы алатындар да болды. Сондай-ақ, ол өзінің түнейтін жерін алдын-ала ешқашан білмегенін айтады.

«Екі ай саяхаттағаннан кейін, мен өте лас, шағын ғана пәтерге тап болдым. Ол Польшада болатын. Пәтердің кішкентайлығы соншалық, үй иесі ыдыс-аяғын жуыну бөлмесінде жуады. Онымен қоса, ол әйел темекі шегетін. Ал, маған келсек, темекіні жаным сүймейді», - дейді жігіт.

Десе де, Боттаға кейде үйімен жолы болған кездер де болды.

«Мюнхенде мен нағыз жекежайға тап болдым. Ол өте керемет үй болды. Онда бассейн, сауна, джакузи, тіпті, өзінің жеке жаттығу залы бар. Ол қыз, яғни үйдің иесі мюнхендік футболистермен бір көшеде тұрады екен», - дейді ол.

Ол, сондай-ақ, кейбір қалаларда оның мүлдем ісі оңынан болмағанын айтады. Мәселен, Венада ешкімді таппағандығынан, оған Братиславаға баруына тура келген. Братислава Австриядан бір сағаттық жерде орналасқан.

Өзінің барлық саяхатын Ботта Instagram мен Youtubе-та жариялайды. Оның 5 мыңға жуық тіркелушісі бар. Сонымен қатар, ол алдағы уақытта дәл осындай амалмен Америка мен Жаңа Зеландияға баруды көздеп отыр.

Похожие материалы