Белсенді банк карталарының нарығы қатарынан үшінші жыл өсім қарқынын жоғалтып келеді. 2013-2014 жылдары айына жоқ дегенде бір рет транзакция өткен карталардың саны 5%-ға, 7,2 миллионға дейін артты деп хабарлайды ranking.kz.
Өткен жылдармен салыстыратын болсақ, 2012 жылы өсім 40%-ды қамтыды, 2013 жылы - 9%.
Еңбекақылық жобалардың қатысушылары - төлем карталарын ұстаушылардың негізгі аудиториясы.
Алайда соңғы жылдары еңбекақылық жобалар нарығының әлеуеті төмендеп келеді. Караталардың айналымы еңбекақы қорын 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1,5 есе озып шықты және озуын жалғастыруда.
Сонымен қатар айналымға шыққан карталардың пайдаланылу белсенділігі де төмен деңгейде. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 16,1 миллион шығарылған картаның ішінде пайдаланылып жатқаны тек 40%-ы.