Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бензин бағасы қымбаттады

Бензин бағасы қымбаттады

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz - Алматыдағы бірқатар жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы қымбаттады.

«ҚазМұнайГаз», «Роял Петрол», «Гелиос» жанармай бекеттерінде АИ-92 бензині 2 теңгеге қымбаттап, 144 теңгеден сатылып жатыр. Ал "Sinooil" жанармай құю бекетінде АИ-92 бензині - 145 теңге, АИ-95 - 159 теңге.

АИ-92  бензинінің ең жоғары бағасы «Газпромнефт» жанармай бекетінде 147 теңге болды.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы