Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бензин сатушы ірі компаниялар 200 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді

Бензин сатушы ірі компаниялар 200 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді

Астана. 2 маусым. - 7kun.kz - Қазақстандық бензин сатушы ірі компанялар 200 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді.Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметіне сәйкес, 2015 жылғы қыркүйекте  жанар-жағармайға бағалардың көтерілуіне байланысты монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарға жүргізілген тергеп-тексерулер негізінде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және  «Sinooil» ЖШС  қатысты  әкімшілік іс қозғалды.

"2016 жылғы 1 маусымда АИ92/95 м аркалы бензиндеріне бағаларды көтеру және ұстап тұру жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісілген  іс-қимылдарды жасауда байқалған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің  159-бабының 2-бөлігін бұзу фактілері  бойынша әкімшілік жауапкершілікке ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және  «Sinooil» ЖШС тартылғандығы туралы Астана қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының қаулысы заңды күшіне енді", - делінген баспасөз хабарламасында.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС төлейтін сомасы  88 млн теңгеден асады.

Бұрын «Гелиос» ЖШС және  «Sinooil» ЖШС  ұқсас бұзушылықтары үшін  әкімшілікке тартылғаны туралы  Астана қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының қаулысы заңды күшіне енген. Олар арқылы мемлекет бюджетіне 94 млн теңгеден аса айыппұл төленді.

Похожие материалы