Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Берік Уәли: Президент жолдауында нақты тапсырмалар беріледі

Берік Уәли: Президент жолдауында нақты тапсырмалар беріледі

Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында кейбір мәселелер бойынша заңнаманы өзгертуге қатысты нақты тапсырмалар беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз-хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

"Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Дәстүр бойынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады", - делінген Берік Уәлидің жазбасында.

Оның пікірінше, жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұсыныстары мен бастамалары да айтылады.

"Президент бұған дейін де, құжатта еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмалар болатынын айтқан еді.Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы Парламент мүшелері үшін де, жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенімдімін", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Похожие материалы