Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Берлин Brexit үшін Лондонның 60 млрд еуро төлеуін қолдайды

Берлин Brexit үшін Лондонның 60 млрд еуро төлеуін қолдайды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz — Берлин Еурокомиссияның Лондон 60 млрд еуроны блок бюджетіне төлеуді мойнына алмайынша, онымен арадағы сауда келісімдерін талқыламау туралы жоспарын қолдайды деп жазды Financial Times. Бұл туралы Banki.ru хабарлады.

Осыған дейін Еуроодақ делегациясының басшысы Мишель Барнье Ұлыбританиядан төлем жасауды талап еткен еді. Газетке анонимді түрде ақпарат берген неміс шенеунігі ГФР үкіметі делегация басшысының пікірін қолдайтынын айтқан.

Шенеунік "50-бап бойынша, Ұлыбритания ЕО мүше мемлекет ретінде өзінің қаржылық міндеттемелерін толықтай орындауына кепілдік беруі тиіс. Біз Еурокомиссиямен келісеміз", - деген.

Бұл Біріккен Корольдіктің жоспарымен сәйкес келмейді. Ұлыбританияның ЕО шығу бойынша министрі Дэвид Дэвис сауда келісімі туралы келіссөздер Британияның блоктан шығуымен қатар талқылануы тиіс деп есептейді.

Ал Италияның министрлер кеңесінің еуропа істері бойынша статс-хатшысы Сандро Гоци газетке беген сұхбатында "Италия екі келіссөзді қатар жүргізу қиын процес деп есептейді. Бірақ шешім  барлық ЕО мемлекеттерінің қатысуымен қабылданады", - деп айтқан.

Басылымның хабарлауынша, бұл бастапқы шаттар ғана, себебі ЕО мемлекеттері қазір тек  ресми позицияны ұстанып отыр.

Похожие материалы