Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Берлин Иришев: Deutsche Bank - беделден айрылу

Берлин Иришев: Deutsche Bank - беделден айрылу

Әлемдік банк жүйесінің беткеұстары болып келген Deutsche Bank қаржы дауының ортасында қалды.

КСРО қирап, батыс банктерімен тікелей байланыс орнату үшін шекара ашылғанда немістерге тиесілі Deutsche Bank  әлемдік банк жүйесінің ең озық үлгісі болып көрінген-ді. Сол кездері, яғни тоқсаныншы жылдары маған Жорж Круп бастаған банк басшылығының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәртебесі бұйырды. Банк қолдауымен неміс бизнесінің Қазақстандағы қарқынды ісі басталды. Неміс банкирлері ақылға сыйымды консерватизмдерімен ерекшеленіп, авантюралық келісімдерден басын алып қашып, мүлдем қабылдамайтын. Алайда 2010-жылдары танымал банктер нарықтық үлкен сынақты бастарынан өткерді. Деривативтер нарығы мен өзге де авантюралық іс-әрекеттерге деген қызығушылық алдында ең атақты деген англосакс қаржы институттары (Lehman Brothers, JP Morgan,  CitiBank,  Bank of America  HSBC, Barclays Bank секілді) өздерін ұстай алмай қалды. Соңғы жеті жыл бойы американдық әділет органдары криминалдық банк схемалары мен қылмыстарды әшкерелеумен айналысып келеді.   Батыс банктері қазірдің өзінде рекордтық $240 млрд көлемінде айыппұл төлеп үлгерді. Осыдан кейін заң бұзушылар мен күдіктілер тізіміне мақтаудың астында қалып жүрген швейцариялық UBS пен Credit Suisse, сонымен қатар германиялық  Deutsche Bank ілікті. 7 маусым күні, жексенбіде бүкіл әлем Париждегі теннисшілердің қызу ойынынан көз алмай отырған кезде, Франкфурттағы банк алаңында ауыр шайқастар жүріп жатқан-ды. Шұғыл түрде шақырылған Deutsche Bank бақылау кеңесінің отырысы нәтижесінде басшылық отставкаға кетті. Тегі үндістандық британ азаматы Аншу Джейнның орнына ағылшын Джон Крайен келді. 2016 жылдың жазына дейін онымен бірге бұрынғы тең төраға Юрген Фичен тізе қосып жұмыс істейтін болады. Басшылықтың күтпеген жерден ауысуының себебі қарапайым: көпшілік Джейнге теліп жүрген күдікті, тіпті кейде қылмыстық сипаттағы келісімдердің өсуі, банктың халықаралық нарықта позициясынан айрылуы. Қаржы институтының барлық көрсеткіштері түсіп кеткен. Libor-мен екі арадағы астыртын әрекеттер бойынша даулы сот процесінен қашу үшін банк $2,5 млрд көлемінде айыппұл төледі. 2015 жылдың 27 сәуірінде жарияланған «2020 жылға дейінгі банктың стратегиялық дамуы туралы бағдарлама» да Deutsche Bank-ты құтқарып қала алмады: құжат шетелдік инвесторлардың ұйымнан кетуін тоқтата алмады. Осы уақыт ішінде акциялар бағамы 8,3%-ға түсіп кетті. Банк басшылығының шұғыл түрде отставкаға кетуі Мәскеудегі Deutsche Bank бөлімшесіндегі капиталдың ізін жасыруға қатысты(әңгіме $4 млрд туралы) қылмыстық келісімдер бойынша тергеумен қатар жүрді. Ресейлік бөлімшенің басшылығы мен қызметкерлері тергеу жүргізілетін кезеңге лауазымдарынан аластатылды. Бұл – неміс банк жүйесінің имиджіне жасалған ауыр соққы. Неміс банкирлері мен механиктері әлемде жақсы қасиеттерімен танымаледі. Алайда, банкирлер механиктерді жалғыз тастап, тақтан түсті.

Похожие материалы