Экономика
IT, Технология
Берлинде дұға етуге арналған арнайы кабина орнатылды
Берлинде дұға етуге арналған кабина пайда болды. Оның авторы 55 жасар әртіс және режиссер Оливер Штурм. Кабинаның аумағы бар-жоғы 83 шаршы сантиметр. Қызметті тегін пайдалануға болады деп хабарлайды bz-berlin.de.
Кішкентай ғана бөлмеде орындық, жапқыш және монитор бар. Автоматта әлемнің барлық дінінің 300-ге жуық дұғалары бар. Дұғалар 65 тілде қолжетімді. Оны қалауыңыз бойынша оқуға не тыңдауға болады.
Автордың айтуынша, бұл кез келген дін өкілдеріне дұға етуге мүмкіндік беретін алғашқы орын саналады.