Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бес адамды жайратып салған Дужновқа үкім шықты

Бес адамды жайратып салған Дужновқа үкім шықты

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – 2021 жылы 20 кыркүйекте Алматының Ақбұлақ ықшам ауданында 5 бірдей адамды атып тастаған Игорь Дужновқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Үкімді Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Еркін Майшинов оқыды. 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов кінәлі деп танылып, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтейді.

Бұған дейін сот отырысында прокурор да Дужновқа өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын сұраған. Ал жәбірленуші тарап ол, тіпті, туыстарымен де кездесе алмаса деп өтінген.

Естеріңізде болса, қайғылы оқиғада екі полицей, бір сот орындаушысы, үйдің жаңа қожайыны мен досы қаза болған. Олар күштеп көшіру туралы сот үкімін орындау үшін оқиға орынына барған.

Похожие материалы