Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бес айда экономиканың өсімі 4%-ды құрады

Бес айда экономиканың өсімі 4%-ды құрады

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылдың қаңтар - мамыр айларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

"Жалпы 2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің оң динамикасы сақталды. ЖІӨ өсімі 4,0%-ды құрады. Инфляция деңгейі жылдық мәнде 5,3% болды. Бұл 4-6% инфляция дәлізі шегінде. Инвестициялар серпіні ІЖӨ-нің өсу қарқынынан асып түседі. Өсім ағымдағы жылдың 4 айында 6,7%-ға қарсы 7,8%-ға дейін жылдамдады. Өнеркәсіпте инвестициялар 17,5%-ға өсті", - деді министр.

Оның айтуынша, өткен аймен салыстырғанда халықаралық резервтер 0,4%-ға өсті. Олардың көлемі 86,7 млрд долларды құрады. Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісі 2,0% артты. Бұл ретте мұнай өндіру 3,2%-ға төмендеді. Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты болды.

"Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,6%-ды құрады. Бұл мұнай өндірудің төмендеуін азайтты. Өңдеу өнеркәсібінде жеңіл өнеркәсіп (23,0%), сусындар өндірісі (18,9%), машина жасау (16,0%), пластмасса бұйымдары өндірісі (12,0%), сондай-ақ фармацевтика (11,6%) екі мәнді өсімге қол жеткізді. Бұл ретте металлургия өнеркәсібінде өндіріс қалпына келтірілді. Шығарылым өткен жылдың деңгейіне жетті", - деді Руслан Дәленов.

Ауыл шаруашылығында тұрақты өсім байқалады, өндіріс көлемі 3,7%-ға артты. Өсім мал шаруашылығының 3,6%-ға және өсімдік шаруашылығының 8,1%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Похожие материалы