Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бес өңірде азық-түлік бағасы шарықтап тұр – министр

Бес өңірде азық-түлік бағасы шарықтап тұр – министр

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Қаңтарда инфляция 1,1 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік инфляциясының орташа деңгейі 1,4%-ды құрады. Бірақ кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болып тұр.

Оның ішінде, Астана мен Шымкент қалаларында – 2,2%, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%, Ақтөбе облысында – 1,7%, ал Ұлытау облысында азық-түлік 1,5%-ке қымбаттады.

Әкімдіктер әлеуметтік маңызы азық-түлік тауарлары бағасын да ұстай алмай отыр. Мәселен, Маңғыстау облысында осы санаттағы тауарлар 3,4%-ға көтірелді. Ұлытау облысында – 2,8%, ал Астана қаласында 2,5%-ке өскен.

«Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязға 22,5%, күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт және сәбіз 3,1%, картоп 3,0%-ды құрады», – деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Оның айтуынша, әкімдіктер қолда да шараларды да, қаржыны да тиімді пайдаланып жатқан жоқ. Мәселен, Маңғыстау облысында бағаны тұрақтандыру арналған 3,6 миллиард теңгенің 2 миллиард теңгесі игерілмеді.

Ал Астана қаласында «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруға бөлінген қаржының көлемі 14 млрд.теңгені құрайды. Соған қарамастан, елорда бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде кіріп отыр.

Похожие материалы