Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бес жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы көлемі екі есе артты

Бес жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы көлемі екі есе артты

Елімізде соңғы бес жылдың ішінде ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі шамамен екі есе артты. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбаев мәлімдеді деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты.

"Соңғы бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі шамамен екі есе өсті де өткен жылы 2,5 трлн теңге болды", - деді А.Мамытбаев.

Оның айтуынша, бес жылдық кезең ішінде экспорт 1,6 есе өсіп, шамамен 3 млрд долларды қамтыды. Бұл ретте, министр ұн экспорты бойынша Қазақтан соңғы 6 жыл ішінде дүние жүзінде көшбасшы орында екендігін, негізгі капиталға деген инвестициялар артып жатқандығын баса айтты.

Мекеме басшысының сөзіне сүйенсек, мысалы,өткен жылы негізгі капиталға болған инвестициялар көлемі шамамен 1 млрд доллар болған және осы инвестициялардың өсімі 16%-дан асып түскен.

"Экономика салаларының ішінде бұл өсімнің ең жоғары қарқыны, қазірдің өзінде кәсіпкерлер ауыл шаруашылықты тартымды бизнес ретінде қарастырады. Қазір ірі кәсіпкерлерде ет комбинаттарын, бордақылау алаңдарын, сүт-тауар фермаларын, ауыл шаруашылығы саласындағы басқа кәсіпорындарды салу жөніндегі үлкен жоспарлары бар", - деп мәлімдеді министр.

Похожие материалы