Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

BG Group Қарашығанақ кен орнындағы үлесінен айырылуы мүмкін

BG Group Қарашығанақ кен орнындағы үлесінен айырылуы мүмкін

Мұнай-газ Royal Dutch Shell алпауыты британдық BG Group plc компаниясын иеленгенннен кейін оның Қазақстандағы ірі кен орнынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды  kursiv.kz  Trend.az порталына сілтеме жасап.

"BG Group-қа тиесілі бақылаудан айырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы өнімді бөлу туралы келісім бойынша компанияның үлесін иеленуді талап етуге құқығы бар. Кәсіпорын Қарашығанақ кен орнындағы газ және газ конденсаты жұмысының 29,25% реттеп отырады", - делінген британдық компания есебінде. Қарашығанақ кен орны BG Group-тан бөлек құрамына Eni (29,25%), Chevron (18%), ЛУКОЙЛ (13,5%) және «КазМунайГаз» (10%) кіретін инвесторлар тобымен бақыланып отырады.  BG Group сайтында атап өтілгендей, қазіргі уақытта кен орнын өндіру максималды деңгейде жүргізілуде және Қазақстандан өндірілген жалпы газ көлемінің 45%-ын және сұйық көмірсутектің 16%-ын құрайды. Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Қарашығанақ кен орнына BG Group-тың жалпы табысының 15% -ы және 2014 жылы 19 млрд доллар болған компания түсімінің 9% -ы тиесілі. Сәуір айының басында Shell  BG Group компаниясын 70 млрд долларға сатып алатыны жөнінде хабарлады. Келісім процесі 2016 жылы аяқталуы қажет. Аталған кәсіпорынды сатып алу арқылы Shell мұнай және газдың қосымша қорларын 25% -ға көбейтіп, Бразилия, Австралия жобаларындағы жаңа мұнай және газ өндірісі бойынша компания позицияларын нығайтады

Похожие материалы