Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

BI Group "Ипотека орталығын" ашты

BI Group "Ипотека орталығын" ашты

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – BI Group мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларымен және жеке банктермен жұмыс істейтін мамандандырылған "BI Finance ипотекасы орталығының" ашылғаны туралы хабарлады. 

Мамандандырылған орталық халыққа бір терезе қағидаты бойынша ипотекалық кредит беру жөніндегі қызметтердің толық кешенін көрсететін болады. Бұл тұрғын үй сатып алуға байланысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ клиенттер бірден төрт банктен кеңес ала алады.

"Жаңа орталық тұрғын үй мәселесін пәтерлер мен үйлердің кең таңдауының арқасында ғана емес, сонымен қатар сервисті жақсарту және барлық кезеңдерде, өтінім беруден бастап ипотекалық несие алуға дейінгі, ипотекалық қарызды ресімдеу уақытын қысқарту есебінен де оңай және тез шешуге мүмкіндік береді. Біздің клиентке сауалнамаларды толтыру және құжаттар пакетін рәсімдеу үшін банк кеңселеріне қосымша бару қажет емес", - деді BI Group холдингінің Басқарма төрағасы Амангелді Омаров.

Холдинг басшысы пәтерлерді онлайн брондауға да болатынын айтты.

Айта кетейік, жоба серіктестерінің қатарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Сбербанк және ЦентрКредит банкі бар.

Похожие материалы