Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

BI Group құрылыс компаниясы Алматыдағы «екі мыңыншы» клиентін құттықтады

BI Group құрылыс компаниясы Алматыдағы «екі мыңыншы» клиентін құттықтады

Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz — BI Group компаниясы Алматыдағы «екі мыңыншы» клиентін құттықтады. Осыдан біраз уақыт бұрын компания Астанада 30-мыңыншы клиентін құттықтаған. Бұл туралы компания Facebook парақшасында жазды. 

Компанияның «екі мыңыншы» клиенті алматылық Әлімбек пен Гүлбану Әлжановтар болды.

«Аманат» тұрғын үй кешенінің болашақ пәтер иелерін Артем Саркисян есімді менеджер қарсы алды. Қонақтар тұрғын үй кешеннің артықшылықтары туралы ақпарат алып жатқанда, кенеттен "Everybody dance now" әні орындалып, алаңға жүгіріп шыққан құрылысшылар билей бастайған.

«Құрылысшылардың флешмобын көргенде, біз компания әрбір клиентін осылай қарсы алады деп ойладық. Бірақ қолына сертификат ұстаған бас директорды көргенімізде, бұл бізге арнайы ұйымдастырылған ұтыс екенін білдік», - дейді Әлімбек.

 Сыйлыққа құрылыс компаниясы паркинг сертификатын берді.

«Біз бір нәрсе ұтып аламыз» деген бізде еш ой болған жоқ, өмірімде ешқашан мұндай жүлдеге ие болып көрмегенмін" , - дейді Гүлбану.

Айта кетейік, 2017 жылы сату көлемі бойынша BI Group Алматыда бірінші орынға тұрақтады. Компания Алматыда "Art Residence", "Аманат", "Асыл Тау", "Gagarin Park" және "Жаңа Жетісу» тұрғын үй кешендерін тұрғызып жатыр.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы