Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

BI Group Түркістанда жаңа қонақүй салады

BI Group Түркістанда жаңа қонақүй салады

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — BI Group холдингі Түркістанда Hampton by Hilton брендімен қонақ үй салуды жоспарлап отыр. Ол Hilton Worldwide корпорациясымен бірлескен жобаны жүзеге асырудың алғашқы қадамы болады, сондай-ақ клиенттердің кең ауқымы үшін халықаралық деңгейдегі сервисті қамтамасыз етеді.

Нұр-Сұлтан қаласында BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев пен Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Hilton президенті Саймон Винсентпен кездесті. Серіктестер Орталық Азияда Hampton by Hilton брендімен қонақ үйлер желісін құру мен дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, бес жыл ішінде жобаның жалпы нөмірлік қоры мың нөмірден асады деп жоспарлануда.

Кездесу барысында жобаның бірінші кезеңін - Түркістан қаласындағы Hampton by Hilton қонақ үйін 120 стандартты нөмірге жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Нарықтағы нөмірдің орташа құны 15 500 теңге (тәулігіне) деңгейінде жоспарланған.

Қонақ үй қаланың тарихи орталығында орналасқан. Оның терезесінен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрінеді. Сондай-ақ, Түркістанға келетін туристердің ең көп баратын негізгі туристік және мәдени көрікті жерлері жақын орналасқан. Сонымен қатар, қонақ үйге іргелес аумақта Неке сарайы салынады.

"Hampton by Hilton бренді өзінің демократиялық тұжырымдамасының арқасында туристік ағынмен қатар жоғары іскерлік белсенділікпен қалалардың стилистикасына үйлесімді болады және өңірлердің тартымдылығын арттыруға және инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етеді", - деп сенеді холдинг сарапшылары.

Бұл ретте BI Group холдингі мен Hilton Worldwide корпорациясының сәтті ынтымақтастық тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Бірінші бірлескен жоба - Нұр-Сұлтандағы ЭКСПО-2017 көрме кешені аумағында орналасқан Hilton Astana. Қонақ үй қазақ халқының өзіндік мәдениеті мен халықаралық қызмет көрсетудің жоғары стандарттары бар заманауи дизайнмен үйлеседі. Жоба рекордтық қысқа мерзімде жүзеге асырылды және BI Group брендінің де, елорданың да визит карточкаларының біріне айналды.

Похожие материалы