Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі банкте қарызы бар 3 000 азаматқа көмектесті, - деп хабарлайды Gulf News газеті.
Осы мақсатта несие мекемелерінің басшыларымен келіссөздер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 98 млн доллардан астам қарызды есептен шығару туралы шешім қабылданды.
Борыштарды есептен шығаруға келіскен банктер қатарына бес Ұлттық банк, Дубайдың бес банкі және Абу-Дабидің үш кредиттік ұйымы кірді. Берешекті реттеу қоры жоғарғы комитетінің төрағасы Джабер Мохаммад Әл-Сувейди бастама БАӘ Орталық Банкі мен мемлекеттік банктер федерациясының қолдауымен іске асырылып жатқанын атап өтті. Ол барлық кредиттік ұйымдарға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде банктердің басшылары бұл қадам әмірліктердің ауыртпалығын төмендетуге және ел басшылығы белгілеген қоғамдағы толеранттылық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті, деп жазады Gulf News. Әл-Сувейди БАӘ-де ағымдағы жылы толеранттылық жылы екенін еске сала кетті.