Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Білім министрлігі 240 млн теңгені қайда жұмсағандарына түсінік берді

Білім министрлігі 240 млн теңгені қайда жұмсағандарына түсінік берді

Білім министрлігі 2014 жылы SciVerse Scopus мәліметтер базасына тіркелу үшін неге 240 млн теңге жұмсалғандығын түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске салайық, есеп комитеті білім және ғылым министрлігіндегі ғылым комитеті 2014 жылы тегін мәліметтер базасына қосылу үшін 240 млн теңге жұмсаған деген ақпарат таратқан еді. Алайда білім министрлігінің атап өтуінше, тегін қосылу уақытша ғана болған. 2012 жылдың сәуірінде білім және ғылым министрлігі Elsevier компаниясымен  SciVerse Science Direct ресурсына қосылуды қамтамасыз ету негізінде серіктестік туралы меморандумға қол қояды. "Келісім-шарттың уақыты бір жылмен шектелген. Меморандумдағы SciVerse Scopus мәліметтер базасына тегін қосылу туралы шарт тек 2012 жылға қатысты", - деп түсіндірді білім министрлігінен. Білім және ғылым министрлігіндегі ғылым комитетінің түсіндіруінше, ұлттық-техникалық орталық 2014 жылы Elsevier  компаниясымен SciVerse Scopus мәліметтер базасына 241,8 млн теңгеге қосылу туралы келісімге отырған. Ал 2012 жылы  берілген тегін қосылу мүмкіндігі Elsevier компаниясы жүргізген маркетингтік шара деп білу қажет. Атап өтейік, Elsevier компаниясы - әлемдік баспа корпорациясы. Оның ресурстарын 180 елдегі 30 млн-нан астам зерттеуші мен 4500 ғылыми ұйым пайдаланады.

Похожие материалы